21.09.2016, 15:50 4137

"Қазақстан" телеарнасында 63 сериал түсіріліп жатыр

Оныӊ айтуынша, биылғы жылы 8 жаӊа сериал көрерменге жол тартпақ. 12 қыркүйекте "Қазақстан" ұлттық арнасында 100 бөлімді "Айман-Шолпан" драмасыныӊ тұсаукесері өтті. Оқиға желісі отбасы институтын нығайту идеясы төӊірегінде өрбиді.

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазақстан" телерадиокорпорациясы жаӊа телевизиялық маусымда көрермендеріне отандық телехикаяларды ұсынып отыр. Қазақ киносыныӊ қарқынды дамуы мен жеткен жетістігі туралы Орталық коммуникациялар қызметінде болып өткен баспасөз конференциясында "Қазақстан" РТРК" АҚ басшысы Нұржан | Мұхамеджанова мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша, биылғы жылы 8 жаӊа сериал көрерменге жол тартпақ. 12 қыркүйекте "Қазақстан" ұлттық арнасында 100 бөлімді "Айман-Шолпан" драмасыныӊ тұсаукесері өтті. Оқиға желісі отбасы институтын нығайту идеясы төӊірегінде өрбиді. Егіз қыздардыӊ тағдырын баяндайтын туындыда қазіргі қоғамдағы түйткілді мәселелер қозғалады. Мәселен, аурухана дәрігерлерініӊ салғырттығынан сәбилері ауысып кетіп жатқан отбасылар, болмаса өмірдіӊ түрлі соқпақтарына ұшырап, жақынынан көз жазып қалатын сәттер аз емес. Осындай қоғамдағы отбасы құндылығын дәріптейтін телехикая бүгінгі өмірдіӊ бет бейнесін суреттейтін картина болмақ. Туындыныӊ қоюшы-режисерлері Айбек Дайырбеков пен Ержан Рустембеков. Продюсерлері Рустам Азаматов, Рашид Сулейменов және Мәдина Дюсембаева. Композиторы Ренат Иубәкіров. Телехикаяда басты рөлді сомдаған әнші, актриса Салтанат Бақаева.

"Бұл телехикаяда маған екі түрлі образды қарама-қайшы суреттеу аса қиындық тудырған жоқ. Осы уақытқа дейін отандық сериалдарда бірнеше рөлді сәтті орындап шықтым, бұл басты рөлде сомдаған алғашқы туындым болды. Мен үшін бұл актерлық мектептіӊ шыӊдалуына септігін тигізеді деп ойлаймын. Көрермен бағасын бере жатар", - дейді Салтанат Бақаева.

"Осындай кино туындылар әлі де түсіріліп жатыр. Мәселен "Шекара шебінде", "Іӊкәр жүрек", "Сүйе білсеӊ", "Қызыл алма" сияқты туындыларымыз болашақта көрерменге жол тартады. Бүдан басқа да "Сырғалым", "Қасым", "Жамбыл" көркем фильмдеріміз шетелдерде көрсетіліп жатыр. Мұныӊ өзі үлкен жетістік", - дейді Нұржан Жалауқызы.

Баспасөз мәслихатына "Қазақстан" ТРК" АҚ басқарма төрағасы Н.Мұхамеджанова, "Айман&Шолпан" телехикаясыныӊ қоюшы-режиссері А.Сандыбаев, телехикаяда басты рөлді ойнаған С.Бақаева қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны