21.11.2018, 12:37 6170

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармаларыныӊ жаӊа төрағалары тағайындалды

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жаӊа басқарма төрағасы ретінде Айдарбаев Алик Серікұлын таныстырды. Бұған дейін ол "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары қызметін атқарды.

Астана. 21 қараша. Kazakhstan Today - 20 қарашада "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқармасыныӊ жаӊа төрағасы Мыӊбаев Сауат Мұхаметбайұлын таныстырды.

Ахметжан Есімов Сауат Мыӊбаевтыӊ бұған дейінгі қызмет орнындағы жақсы нәтижелерін ерекше атап өтті.

Бұған дейін С. Мыӊбаев қаржы құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда еӊбек етті. Иртүрлі жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрініӊ орынбасары, Қазақстан Республикасыныӊ қаржы министрі, Қазақстан Республикасыныӊ ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары, Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрі, Қазақстан Республикасыныӊ энергетика және минералды ресурстар министрі, Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрі болды. 2013 жылдан бері "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқармасы төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жаӊа басқарма төрағасы ретінде Айдарбаев Алик Серікұлын таныстырды. Бұған дейін ол "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары қызметін атқарды.

Алик Айдарбаев әр жылдары "Оӊтүстікқазмұнайгаз" МАҚ, "Құмкөл-ЛУКОЙЛ" компаниясыныӊ (кейін атауы "Торғай Петролиум" ЖАҚ деп өзгертілді), "МаӊғыстауМұнайГаз" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баcқарушылық лауазымдарды атқарды. 2011 жылдыӊ желтоқсан айынан 2013 жылға дайін "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ Бас директоры болды. 2013-2017 жж. Маӊғыстау облысыныӊ әкімі, 2017 жылдыӊ наурыз айынан 2018 жылдыӊ қаӊтар айына дейін - Қазақстан Республикасыныӊ Инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарды. 2018 жылдыӊ 15 қаӊтарынан "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны