06.05.2008, 19:52 3062

"Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысының адвокаттары қылмыстық істі тексеруді ҰҚК-іне беруді сұрады

"Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысының адвокаттары қылмыстық істі тексеруді ҰҚК-іне беруді сұрады

Алматы. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеевтің адвокаттары оған қылмыстық істі тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беруді сұрады. Бұл туралы Ж.Күлекеевтің бір адвокаты Сәлімжан Мусин бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз аталған қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беруді сұрап өтініш жолдадық", -деді С. Мусин.

Адвокаттың айтуынша, қорғаушылар "аталған қылмыстық істі қаржы полициясы обьективті тексереді деп үміттене алмайтындақтан" осындай қадамға барып отыр, өйткені, "ол кінәлі, қылмыс үстінде ұсталды және қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жіберіледі деп бірден сенімді түрде мәлімделді".

С. Мусин бұл жерде "кінәсіздік презумпциясы принципі" мен оның қорғауындағы адамның қылмыстық істің шынайы тексерілу құқығы бұзылып отыр.

Адвокаттың хабарлауынша, 23 сәуірде Ж. Күлекеевтің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 307-ші бабының 2-тармағы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. "Бұл қызмет өкілеттігін теріс пайдалану арқылы ұлттық компанияға 5 млн 500 мың теңгенің шығынын келтіру жөнінде", - деген С. Мусиннің хабарлауынша, "осындай қаулыны оған 4-мамырда таныстырған".

Адвокаттың пайымдауынша, істі ҰҚК-іне беруге түрткі болатын тағы бір себеп "темір жол- стратегиялық нысан екендігіне" байланысты және оны тексеру "ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан" ҰҚК-нің мүддесінде. Сонымен бірге, адвокаттың пайымдауынша, аса ірі ұлттық компанияның жетекшісіне қатысты, С. Мусиннің сөзімен айтсақ, "сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысты арандатушылық жасалып отырғанда", қауіпсіздік тұрғысынан бұл "өзіндік мәнге ие болмақ".

"Біздің пайымдауымызша, Күлекеев мырзаға қатысты белгілі бір топ тарапынан қылмыс жасалған, ол жайынан біз белгілі дәрежеде хабардармыз", - деді С. Мусин. Адвокат ешкімнің аты-жөнін атамағанымен, осы іске тігіліп отырған айрықша назарды ескеріп, "жалаң пәле жабуға" жол бермеуге тырысатынын жеткізді.

Оның пікірінше, осы іс бойынша тергеу тек оның қорғауындағы бұрынғы басшыға ғана қатысты емес, сонымен бірге, ҚТЖ-ның басқа басышыларына қатысты да жүргізілуге тіис. "Бұл жерде мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқарманың тікелей басшысы болып табылатын ҚТЖ қызметкері Руслан Местоевтың фигурасы айрықша қызығушылық тудырады. 4 сәуірде менің қорғауымдағы адамға осы қылмысты жасағаны жөнінде айып тағылды. Менің бір назар аударғаным, екі парақтан тұратын айыптау қорытындысында Местоевтың аты-жөні айыпталушы Күлекевтен гөрі жиірек аталады", -деді С. Мусин.

Оның айтуынша, құжаттан шығатын тұжырым сол, әлдебір заңды тұлғаның өкілі дәл осы Местоевтан ҚТЖ өткізетін тендер кезінде өз компаниясының пайдасына оң шешім шығарып беруді сұраған. Местоев ондай көмек көрсетуге келіскен. Бұдан кейін, адвокаттың сөзіне сенсек, "ақшаны Местоевқа беру, оның өз қарамағындағы адамды ақша салынған сөмкені автокөлікке жеткізуге тартуы секілді бірқатар оқиғалардың тізбегі жүзеге асқан".

Ал бірақ сол Местоев, адвокаттың айтуына қарағанда, беттестірген кезде куәгер ретінде шақырылған. "Біздің компанияға жолаған сұрақтарымыз (біздің ондай құқығымыз бар) Местоев мырзаның қолына түседі, сол себепті біз тіпті обьективті жауап түгілі, қандайбір жауаптың болатынына күмәніміз бар".

Сонымен бірге, адвокаттың пайымдауынша, тергеу барысында көптеген процессуалдық заң бұзушылықтарға жол берілген. "Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 9-шы бабына сәйкес, бұл процессуалдық заң бұзушылықтар аса салмақты қайшылықтар ретінде қорғаушы жаққа аталған қылмыстық іске қатысты барлық тергеу іс-әрекеттерін заңсыз деп тануды сұрауға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстық процесс принципі", - деді С. Мусин.

Оның айтуынша, адвокаттар барлық процессуалдық заң бұзушылықтарды мұқият тізбелеп отыр және тергеу аяқталған соң осындай мүмкіндікті пайдаланатын болады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК"АҚ-ның бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеевті қаржы полициясы компаниялардың біріне мемлекеттік сатып алулар тендері бойынша оң шешім шығару үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған күдікті деп тануда. Ол 1 сәуір күні тұтқындалған. Оған қатысты аса ірі көлемдегі 100 мың доллар пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-тармағы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Қожамжаровтың мәлімдегеніндей, ақша сәуір айының ортасында өтуі тиіс тендерді жеңіп алу үшін берілген. Тендер құны - 400 млн теңге. Жеңімпазды анықтау үшін делдал арқылы 100 мың АҚШ доллары талап етіліп, төленген.

"Мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезіндегі заң бұзушылық заңсыз табыс табу әдістерінің бірі ғана. Өткізілетін тендер сомасына байланысты қатысушыдан белгілі бір көлемдегі ақша заңсыз сыйақы ретінде сұралады. Оның пайызы тендер сомасы мен жұмыс түріне байланысты. Бұл жағдайда бізге арыз жазған ұлттық компанияның жұмысшылары. Тергеу амалдарына сәйкес олардың аты-жөндерін атай алмаймын. Жәбірленушілер де бізге арыз түсірді. Соңғы күндері оларға ауқымды ықпал ету амалдары жүргізілгені соншалық, олар өздерінің мәлімдемелерінен бас тартты", - деді қаржы полициясының өкілі.

Оның айтуынша, ұлттық компанияларда, атап айтқанда, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ лауазымды тұлғалардың баюына есептелген қылмыстық істер туралы ақпарат қаржы полициясында жеткілікті жинақталған.

"Басшылар кәсіпкерлермен жоғары баға бойынша жұмыс жасайтын бірқатар экспедиторлық топтарды құрған. Яғни, компанияның жеңілдіктері мен вагондарын заңсыз пайдалана отырып көліктік қызметтерді көрсетеді. Алынған қаражат жалған кәсіпорындар желісін пайдалана отырып, қолма-қол ақшаға айналдырылады және жекешеленеді. Бұған қатысы бар тұлғалар саны әлі де артуы мүмкін. Біздің жұмысымыз қазіргі уақытта енді-енді басталып келе жатыр", - деді қаржы полициясының өкілі .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны