18.07.2008, 17:21 2482

Қазақстан түрмелерінде ВИЧ пен туберкулезді емдеу мен ол аурулардың алдын алудың жаңа бағдарламасы әзірленуде

Қазақстан түрмелерінде ВИЧ пен туберкулезді емдеу мен ол аурулардың алдын алудың жаңа бағдарламасы әзірленуде

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан түрмелерінде ВИЧ пен туберкулезді емдеу мен ол аурулардың алдын алудың жаңа бағдарламасы әзірленуде. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Анатолий Белоног мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"ВИЧ-індетін жұқтырғандардың 30 пайызы түзету колонияларынан келеді. Алдыңғы күні Денсаулық сақтау министрлігінің, туберкулезге қарсы қызметтің және Иділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел болды. Онда туберкулезбен, әсіресе, тұрақты түрімен аурудың алдын алу және СПИД мәселелері бойынша негізгі шаралар жасалынды. Біз Денсаулық сақтау және Иділет министрліктеріне олар біздің бірлескен үйлестірушілік іс-әрекеттерімізді бекіту үшін кеңес ұсындық", - деп хабарлады А. Белоног.

Сонымен қатар, А. Белоног жақында Қазақстанда туберкулезге қарсы тиімді вакцина пайда болуы мүмкін екендігін хабарлады. "Қазір туберкулезге қарсы тиімді вакцина жасалынды. Ол жақын уақыттарда клиникалық сынақтардан өткеннен кейін нарықта пайда болуы мүмкін деген ақпарат алдық", - деп хабарлады бас санитарлық дәрігер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны