26.12.2011, 12:25 3118

Қазақстан жаңажылдық VIP-кештердің саны бойынша көш бастап келеді

"Достастық елдерінде құны миллион доллардан асып түсетін кемінде жирамға жуық VIP-кештер өтеді. Олардың көбі Қазақстанда өтеді деп күтілуде. Ал екінші орын Изербайжанның еншісінде болса, Ресей үшінші орынды місе тұтқан",- деп хабарлады "Еуразия" арнасы.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан жаңажылдық VIP-кештердің саны бойынша көш бастап келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Достастық елдерінде құны миллион доллардан асып түсетін кемінде жирамға жуық VIP-кештер өтеді. Олардың көбі Қазақстанда өтеді деп күтілуде. Ал екінші орын Изербайжанның еншісінде болса, Ресей үшінші орынды місе тұтқан",- деп хабарлады "Еуразия" арнасы.

Қазақстандық ірі компаниялардың ұйымдастыратын жаңажылдық кештерінде әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсетпек. Шақырылғандардың ішінде - қаймақ бетіндегілер Бейонсе, Дженнифер Лопес, Уитни Хьюстон, Адель және Кэтти Пэрри бар. Ирқайсысының құны 1,5 - 2 миллион доллардан асып жығылады.

"2011 жыл кейінгі он жылдағы гонорар көлемі жөнінен ең рекордты болып қалуда", - "Империя музыки" ЖАҚ президенті Табриз Шахиди.

Мәселен, Кристина Агилераға бұрын 250 мың еуро төленсе, биылғы жылы 1,5 млн еуро төленген. Өздерінің сұранымын биыл Мадонна да өсірген. Оның жарты сағаттық өнер көрсетуі 5 млн долларға шығады деп жазады, "Труд" газеті.

Гонорарлар: 3-15 мың еуро - Максим, Витас, Никита Малинин, Reflex; 15-30 мың еуро - Валерия, "Банд'Эрос", Анжелика Варум, "Винтаж", Дима Билан, "Градусы", Нюша, Игорь Бутман, Петр Налич; 30-50 мың еуро - "Машина времени", "Дискотека Авария", Валерий Меладзе, "Звери", Кристина Орбакайте, Вера Брежнева; 50-80 мың еуро - Гарик Сукачев, Григорий Лепс, Филипп Киркоров, Елена Ваенга, Стас Михайлов, Николай Басков, "ДДТ"; 100-250 мың еуро - Cirque du Soleil, Эмма Шаплин, Сара Брайтман; 1-2 млн еуро - Кристина Агилера, Николь Шерзингер, Кэти Перри, Дженнифер Лопес, Адель, Бейонсе, Уитни Хьюстон, Анна Нетребко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны