01.10.2007, 16:22 3971

Қазақстан жемқорлық деңгейі бойынша әлемде 150-ші орында - Transparency International

Қазақстан жемқорлық деңгейі бойынша әлемде 150-ші орында - Transparency International

Алматы. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан жемқорлық деңгейі бойынша әлемде 150-ші орында, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі әлемдік жемқорлыққа қарсы "Transparency International" коалициясы жариялаған 2007 жылғы жемқорлықты қабылдау индексінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

"Transparency International" мекемесінің мәліметі бойынша, жемқорлықты қабылдау индексінің балы 10 балдың 2,1-ін құраған. Оның ішінде, Қазақстан үшін жемқорлықты қабылдау индексінің болуы мүмкін балының диапазоны 1,9 - 2,3 аралығында. Сонымен бірге, жемқорлық мәселесі бойынша елде жүргізілген зерттеулер саны 8. Жемқорлықты қабылдау индексіне енгізілу үшін мемлекетте кем дегенде 3 зерттеу жүргізілуі тиіс.

Сонымен қатар, "Transparency International"-дың мәліметі бойынша, жемқорлық деңгейі бойынша Қазақстанмен бірге 150-ші орынға Изірбайжан, Қырғызстан, Беларус, Тәжікстан, Эквадор, Кения және Либерия мемлекеттері тұрақтаған. ТМД мемлекеттерінің арасында, "Transparency International"-дың мәліметі бойынша, ең жемқор мемлекет Өзбекстан болып шыққан. Ол 175-ші орында.

Жемқорлыққа байланысты ең нашар ахуал Гаити, Ирак, Мьянма және Сомали секілді мемлекеттерде қалыптасқан. Ал ең жоғарғы 9,4 балды Дания, Финляндия және Жаңа Зеландия мемлекеттері иеленді.

Жемқорлықты қабылдау индексінің 2006 жылғы мәліметтері бойынша, Қазақстан 2,6 балдық көрсеткішпен 111 орында болса, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан 142 орында, ал Ресей 121 орында болған. Алайда, 2007 жылы жемқорлықты қабылдау индексінің тізіміне мемлекеттік сектордағы коррупция деңгейі жайындағы мәліметтер әлемнің 180 мемлекетінен алынған. Ал 2006 жылы бұл тізім 163 мемлекеттен ғана құралған болатын.

Ұйымның ресми сайтында, жемқорлық деңгейін анықтау кезінде пара алу деңгейі, мемлекеттік қызметкерлердің бизнеске тартылу дәрежесі, тәуелсіз соттың және заңсыз жолмен келген ақшаны заңдастырып алумен күрес заңнамасының болуы, үкіметтің ашықтығы мен азаматтық қоғамға бағыныштылығы есепке алынады, деп көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны