12.12.2006, 14:03 3025

Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетінің төрайымы болып Дариға Назарбаева қайта сайланды

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. "Бүгін Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетінің отырысы өтіп , онда атқару комитетінің төрайымы болып Дариға Назарбаева қайта сайланды". Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейітқазы Матаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Регламентке сәйкес, Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитеті бір жыл мерзіммен сайланады, деді С.Матаев.

"Медиақоғамдастықтың мүддесі үшін белсенді іс тындыруға алда менің бүтін бір жыл уақытым бар",- деді Д.Назарбаева. Ол "бір терінің пұшпағын бірлесе илейтін әріптестері тарапынан қолдауға" сенетінін атап өтті.

Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетінің кезекті отырысы 2007-жылдың наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында Қостанайда өтеді деп межеленді. Онда кәсіби журналистерді дайындау мәселесі қаралады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны