04.10.2006, 15:39 3090

Қазақстан журналистерінің Ү конгрессі 10-қазанда Алматыда өтеді

АЛМАТЫ. 4-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан журналистерінің Ү конгрессі 10-қазанда Алматыда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі конгрестің жұмыс тобына сілтеме жасап. Форумға қатысушылар журналистер мен қоғамдық ұйымдар ұсынған БАҚ туралы жаңа заңның жобасына қатысты ахуал мен басқа да бірқатар маңызды мәселелерді талқылайды. Сонымен бірге БАҚ-тар үшін мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру проблемасы қаралады.

АЛМАТЫ. 4-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан журналистерінің Ү конгрессі 10-қазанда Алматыда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі конгрестің жұмыс тобына сілтеме жасап.

Форумға қатысушылар журналистер мен қоғамдық ұйымдар ұсынған БАҚ туралы жаңа заңның жобасына қатысты ахуал мен басқа да бірқатар маңызды мәселелерді талқылайды. Сонымен бірге БАҚ-тар үшін мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру проблемасы қаралады.

Конгресс жұмыс тобының ақпаратына сәйкес, "Қазақстандағы журналистика саласының даму ағымдары" мәселесі форумдағы басты мәселелердің бірі болмақ. "Қоғамда журналистика тығырыққа тірелді, журналистердің бастамалары мүлдем жұмыс істемейді деген пікір белең ала бастады. Біз осы мәселені талқыға салмақшымыз",- дейді ақпарат көзі.

Бұған қоса журналистік этика тақырыбы төңірегінде де ой өрбіту межеленген. "Журналистік этика да жұмыс істемейді деген пікір бар. Сол себепті форумда бұл мәселені басқа елдердің тәжірибесіне сай шешу жолдары ұсынылатын шығар",- дейді хабарлаушы.

Конгресте өңірлік баспасөз проблемалаларын талқылау да межеленіп отыр.

Қазақстан журналистерінің Ү конгрессіне мәдениет және ақпарат, әділет министрліктері мен парламент депутаттары, президент әкімшілігі мен үкіметтің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Қазақстан журналистерінің ІҮ конгрессі 2005-жылдың сәуір айында өтті. Ол форумда "Қазақстандағы БАҚ-тардағы ахуал, "Қазақстан журналистері конгрессінің БАҚ-тар туралы заң жобасы" , "БАҚ-тар мен мемлекеттік мекемелердің қарым-қатынасы", "БАҚ-тардағы мемлекеттік тіл" мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны