29.09.2015, 16:58 49241

Қазақстан зымыран шабуылы мен ғарыш кеӊістігініӊ жағдайы туралы ақпарат алатын болады

Қазақстан Ресей Федерациясымен бірігіп Балқаш Торабын пайдалану туралы уағдаластық аясында зымыран шабуылы мен ғарыш кеӊістігі туралы бақылау құрылымынан ескерту құралы арқылы ақпарат алатын болады

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Ресей Федерациясымен бірігіп Балқаш Торабын пайдалану туралы уағдаластық аясында зымыран шабуылы мен ғарыш кеӊістігі туралы бақылау құрылымынан ескерту құралы арқылы ақпарат алатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Балқаш Торабы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясыныӊ әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маӊызды рөл атқарады. Қазақстандық Балқаш Торабында ресейлік зымыран шабуылын ескерту жүйесін беру мен әрі қарай пайдалану жағдайы туралы екі ел өкілдері арасындағы уағдаластыққа 2014 жылдыӊ 2 желтоқсанында қол қойылған болатын. Уағдаластықтыӊ мақсаты Қазақстан аумағында орналасқан қазақстандық Балқаш Торабын беру және әрі қарай пайдаланудыӊ жаӊа жағдайларын айқындау болып табылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Уағдаластық жаӊа жағдайлар қатарын қарастырады. Сонымен бірге Ресей Федерациясы ҚР мемлекеттік және әскери басқару пунктеріне зымыран шабуылы мен ғарыш кеӊістігін бақылау жүйесі туралы ескерту құралынан ақпарат беріп отырады. Бұл ақпарат зымыранныӊ ұшу уақыты, ауданы, ұшырылуы мен құлауы, зымыранныӊ баллистикалық траекториясы, сондай-ақ біздіӊ ғарыш аппараттарыныӊ ғарыш объектілеріне жақындау қаупі, жанатын ғарыш объектілерініӊ ҚР үшін қауіп тудыратын аудандарға түсуі туралы, ҚР аумағында шетел ғарыштық барлау аппараттарыныӊ ұшуы туралы мәліметтермен қоса ғарыш кеӊістігіндегі жағдай туралы ақпараттар.

Бұдан кейін Балқаш Торабын бірге пайдалану және қазақстандық әскери қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру кезеӊдеріне біртіндеп өту жоспарланған.

Бұдан өзге ресейлік жақ пайдаланған жер учаскесініӊ (4 мыӊ гектардан аспайтын) шекарасын айтарлықтай қысқарту қарастырылған.

Уағдаластықты бекіту екі мемлекеттіӊ қорғаныс қабілетін нығайтып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны