31.03.2009, 17:12 7001

Қазақстанда 2009 жылдың екінші жартысында әлеуметтік дәріханалар ашылады

Қазақстанда 2009 жылдың екінші жартысында әлеуметтік дәріханалар ашылады

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2009 жылдың екінші жартысында әлеуметтік дәріханалар ашылады, онда фармацевтикалық дистрибьюторлар дәрі-дәрмекті көтерме бағаға саудалайтын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Сыздық Баймұханов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазір біз дистрибьюторлар қауымдастығымен әлеуметтік дәріханалар ашу жөнінде шарт жасасып жатырмыз. Илеуметтік дәріханалар бірінші кезекте көтерме сауда қоймаларында ашылады, арықарай біз оларды емханалардың жанында да шауды жоспарлап отырмыз", - деді С. Баймұханов.

"Қазір Батыс Қазақстан облысындағы емханалардың жанынан әлеуметтік дәріханалар ашу жөніндегі пилотты жоба жасалып жатыр. Ал көтерме сауда қоймаларының жанында жылдың екінші жартысында ашылады деп ойлаймын", -деді өкіл. Қазір бұл мәселе мүдделі мекемелермен келісілу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны