17.04.2012, 11:19 3775

Қазақстанда 2015 жылға дейін 350 денсаулық сақтау нысаны салынады

350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу жобасы 2015 жылға қарай аяқталады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбеков Үкімет отырысында.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2015 жылға дейін 350 денсаулық сақтау нысаны салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу жобасы 2015 жылға қарай аяқталады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбеков Үкімет отырысында.

"2012-2014 жылдарға арналған бюджеттің аясында 19 емхананың (жоспар - 43 емхана) құрылысын аяқтау жоспарлануда, оның ішінде 2012 жылы - 6 нысан, 2013 жылы - 12 нысан, 2014 жылы - 1 нысан іске қосылады",- дейді Салидат Қайырбекова.

Министрдің айтуынша, ауысымда 250 және 500 адам қабылдайтын емханалар мен сондай-ақ ауысымда 25 және 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаториялардың типтік жобаларын әзірлеу жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

"Дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысын қаржыландыру мәселесін шешу мақсатында бағдарламаны 2012 жылдан бастап "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының төртінші бағыты - "Ауылдық елді мекендерді дамыту" бағытының аясында іске асыра бастау ұсынылуда",- дейді С.Қайырбекова.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, "350 денсаулық сақтау нысанын салу" бағдарламасын 2015 жылға дейін аяқтау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны