08.11.2017, 18:13 4689

Қазақстанда 2017 жылы заӊға қайшы келетін 2,5 мыӊ интернет-ресурс анықталған

Қазақстанда ағымдағы жылы заӊға қайшы келетін 2,5 мыӊ интернет-ресурс анықталған. Мұндай деректерді Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі келтіріп отыр.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағымдағы жылы заӊға қайшы келетін 2,5 мыӊ интернет-ресурс анықталған. Мұндай деректерді Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі келтіріп отыр.

Ведомствоныӊ ақпаратына сәйкес, 2017 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ мамандары ғаламтордағы 5527 ақпарат ресурстарына зерттеу жүргізген. Зерттеу қорытындыларына сәйкес, олардыӊ ішінде 2487 заӊсыз материалдардыӊ бар екендігі анықталған.Заӊбұзушылықтар анықталған сайттар бойынша жасалған сараптамалық қорытындылар - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне аталған сайттарды бұғаттау және тиісті техникалық шараларды қабылдау үшін жіберілді.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі діни әдебиеттер және өзге де діни мазмұндағы материалдар мен нысандарға діни сараптама жүргізді. Атап айтқанда, 2017 жылы 3495 материал діни сараптамадан өтіп, оныӊ ішінде 179 нысанныӊ заӊ бұзушылық бағыттағы қызметі анықталған.

Діни сараптама жүргізудіӊ негізгі міндеті - Конституция нормалары мен Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасына, азаматтардыӊ құқықтары мен бостандықтарына теріс әсер ететін заӊбұзушылықтарды анықтап, оларға сараптама жүргізу болып табылады.

Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасына қайшы келетін материалдаранықталған жағдайда діни сараптама жүргізу ережелеріне сәйкес, оны республика аумағында пайдалануға және таратуға рұқсат етілмейді.

Қазіргі уақытта діни қызметті реттейтін заӊнамаға түзетулер енгізу жөніндегі құжаттар әзірленді. Оныӊ негізінде 9 Заӊға және 2 Кодекске жалпы саны 52 түзетулер енгізу қарастырылып отыр.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ баспасөз қызметініӊ мәліметіне сәйкес, аталған Заӊ жобасында ата-аналар немесе кәмелетке толмағандардыӊ басқа да заӊды өкілдерініӊ тәлім-тәрбие беру мақсатында пайдаланатын әдебиеттер мен материалдарын, сондай-ақ, діни білім беру ұйымдарында ресми түрде оқитын балаларға таратылатын әдебиет пен материалдарды қоспағанда, 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға тыйым салынатын норма ұсынылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны