20.06.2008, 14:49 3114

Қазақстанда 6 шілде биылдан бастап мемлекеттік мереке ретінде тойлануы мүмкін

Қазақстанда 6 шілде биылдан бастап мемлекеттік мереке ретінде тойлануы мүмкін

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 6 шілде биылдан бастап мемлекеттік мереке ретінде тойлануы мүмкін. Бұл туралы бүгін "Астана- мемлекет басшысының ерлігі" атты ғылыми-тәжірибелік конференция барысында "Нұр Отан" ХДП парламенттік фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға енгізілетін түзетулер тез арада қабылданған жағдайда 6-шілде- Астана күнін біз биылдан бастап-ақ мемлекеттік мереке ретінде атап өтеміз", - деді О. Мұхамеджанов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс депутаттары 18 маусымда өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. "Заң жобасында "6-шілде - Астана күні" деген жаңа мемлекеттік мерекені қосу қарастырылуда, ол халық үшін тарихи-мәдени маңызға ие болып, Қазақстан Республикасының жетістіктерінің нышанына айналмақ", - делінген мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны