19.10.2012, 15:53 5334

Қазақстанда 7-мамыр Отан қорғаушылар күні болып белгіленді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Мерекелер туралы" заңға толықтырулар енгізу жөніндегі" заңға қол қойды.

Астана. 19-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 7-мамыр Отан қорғаушылар күні болып белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Мерекелер туралы" заңға толықтырулар енгізу жөніндегі" заңға қол қойды.

Құжат бойынша 7-мамырда атап өтілетін Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мерекелер қатарына енгізіледі, деп жұма күні елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл заң жобасы президент - Қазақстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысының осы жылы 3-мамырдағы бұйрығына сәйкес әзірленген болатын.

20 жыл бұрын, 1992 жылдың 7-мамырында Н.Назарбаев Қазақстан Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Бұдан былай қазақстандықтар 7-мамыр күні демалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны