09.01.2009, 18:52 3311

Қазақстанда ақпараттық-анықтамалық қызметтердің телефондарының нөмірлері ауысады

Қазақстанда ақпараттық-анықтамалық қызметтердің телефондарының нөмірлері ауысады

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ақпараттық-анықтамалық қызметтердің телефондарының нөмірлері ауысады. Бұл шара 31 наурызға дейін жүргізіледі. Наурыздың ортасынан бастап үш ай ішінде шұғыл қызмет мекемелерінің нөмірлері де ауысады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Анықтама және шұғыл қызметтері нөмірінің алдына енді 1 саны қосылады. Яғни, орталықтандырылған жөндеу бюросы 065-тен 165-ке, қалааралық және халықаралық сөйлесуге тапсырыс беру 071-ден 171-ге ауысады.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің бастамасымен және бақылауымен жүргізіліп жатқан бұл шараның негізгі мақсаты Қазақстан аумағындағы байланыс операторларының жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру.

Сонымен бірге 01-ден басталатын барлық жедел қызмет түрлері алдымен қосымша 1 санымен терілмек. Ауысатындар арасында соңғы саны өзгеретіндері де бар. Мәселен, құтқару қызметінің көмегіне жүгінер болсаңыз 051-дің орнына, енді 112-ні, ал, 09 ақылы анықтама бөлімшесі 118 нөміріне ауысады. Бұл телекоммуникация желілерін алмастырудың бірінші кезеңі бойынша жүргізіледі.

Мамандардың айтуынша, жаңа жүйенің екінші кезеңі 15 наурыздан маусымға дейін іске асады. Ескертетін жағдай, тұтынушылар үшін ақпараттық-анықтамалық және басқа да шұғыл қызмет орталықтарында жаңасымен қатар үш айға дейін бұрынғы нөмірлер де қызмет етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны