11.07.2017, 18:18 4204

Қазақстанда әлеуметтік жобаларды қолдау бойынша қор құрылды

Қазақстанда Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен "Уақып" корпоративті қайырымдылық қоры құрылды. Қор әртүрлі әлеуметтік жобаларды қолдауды жүзеге асырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ отырысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен "Уақып" корпоративті қайырымдылық қоры құрылды. Қор әртүрлі әлеуметтік жобаларды қолдауды жүзеге асырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ отырысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады.

Министрдіӊ айтуынша, "Уақып" қоры Қазақстан Республикасы Президентініӊ тапсырмасымен құрылды. Оныӊ қызметі коммерциялық емес қайырымдылық ұйым ретінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, сонымен қатар, діни бірлестік қызметкерлерлері жұмысыныӊ тиімділігін көтеру және діни мекемелердіӊ қызметін қолдауға бағытталады. "Уақып" қорыныӊ президенті болып Қайрат Айтбай сайланды.

Қордыӊ құрылтайшылары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ Халықаралық діндер және мәдениеттер орталығы және Дін мәселелері жөнінде талдау және ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.

Қамқоршылар кеӊес құрамына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі, Парламент депутаттары, Жоғары муфтий, "Дінтанушылар конгресініӊ" төрағасы, Қаржы министрлігініӊ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасыныӊ, "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ өкілдері және белгілі қоғам қайраткерлері енді.

Қамқоршылық кеӊестіӊ төрағасы дін саласындағы уәкілетті органныӊ бірінші басшысы болып саналады.

Айта кетейік, қамқоршылық кеӊес құрамы қор жұмысыныӊ ашықтығын және қаржыныӊ мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді. Қорды құру барысында Катар, Кувейт, Иордания, Египет, Индонезия, Түркия, Бельгия, Ресей сияқты елдердіӊ тәжірибелері жан-жақты зерттелді.

Қордыӊ алдында тұрған міндеттердіӊ маӊыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі аталған жобаны жан-жақты қолдауға шақырды.

"Уақып" қорыныӊ қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосу;

тұрғындардыӊ әлеуметтік аз қамтылған тобы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету;

балалар мен жастардыӊ физикалық және интеллектуалдық дамуын қолдау;

діни радикализм мен экстремизмніӊ алдын-алу;

мамандардыӊ біліктілігін көтеру және шалғайда орналасқан діни бірлестіктердіӊ әлеуметтік мәселелерін шешу.

Осы аталған міндеттерді шешуге сауапты іс жасауға ниет білдірген елдіӊ барлық азаматтары, Қазақстанныӊ коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары, сондай-ақ, шетелдік және халықаралық ұйымдар шақырылады.

"Уақып" қорыныӊ өкілдері азаматтар қайырымдылық қолдауды қаржылай, жылжымалы және жылжымайтын мүлік түрінде көрсете алатындығын атады,- деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны