11.04.2013, 17:48 23313

Қазақстанда алғаш рет екі кезеңдік ҰБТ апробацияланады

"Ағымдағы жылы 16 өңірдегі 32 мектепте сынамалық тестілеу өткізіледі, ол ешқандай заңды салдарға ие болмайды. Эксперименттің мақсаты - балалар тестілеудің жаңа форматтарын қалай игеретінін түсіну".

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағымдағы жылы алғаш рет эксперименттік түрде екі кезеңдік ҰБТ апробацияланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің төрағасы Серік Ерсалиев мәлім етті.

"Ағымдағы жылы 16 өңірдегі 32 мектепте сынамалық тестілеу өткізіледі, ол ешқандай заңды салдарға ие болмайды. Эксперименттің мақсаты - балалар тестілеудің жаңа форматтарын қалай игеретінін түсіну... Ағымдағы жылдың күзінде бірнеше жоғары оқу орындарының негізінде түлектердің арасында ЖОО-на түсуге тестілеудің екінші кезеңі апробацияланады", - деді С.Ерсалиев.

Сонымен бірге, ол тестілеудің бірінші кезеңі тек бітіру емтиханын көздейді, оның бағалары аттестатқа түсіп, өңірлер, жекелеген мектептер және тіпті сыныптар арасындағы білім сапасын мониторингілеу мақсатында пайдаланылатынын атап өтті.

Өз алдына тестілеудің екінші кезеңі ЖОО-на түсуге арналған, онда әр мамандық бойынша жеке тесттер қолданылатын болады.

Айта кету керек, тестілеудің бірінші кезеңі функциялық сауаттылыққа және логикаға жалпы бір тест, және 5 түрлі пән бойынша тесттік тапсырмалардың 5 блогы, оқушылар барлық пәндерді бір деңгейде оқуы үшін олар жыл сайын өзгертіліп тұрады.

Тестілеудің екінші кезеңінде, ЖОО-на түсуге логикалық сипаттағы бір тест және бейіндік бағытты ескеретін пәндер бойынша екі тест қарастырылған, деп түсіндірді Комитет басшысы.

Оған қоса, С.Ерсалиевтің айтуынша, бүгін мектеп түлектерінің қазақ тілін білуге қатысты міндетті тест тапсыру мәселесі белсенді түрде талқылануда.

Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің басшысы 2015 жылы болатын Бірыңғай ұлттық тестілеуді толығымен бөлу "ҰБТ-дан қазіргі уақытта қалыптасқан әлеуметтік жүктемесін алып тастауға" бағытталған.

Бұдан өзге, С.Ерсалиевтің пікірінше, "2015 жылы екі кезеңдік емтихан енгізумен түлектің емтихан немесе ҰБТ тапсыруды таңдау құқығын заңнамалық бөлу туралы мәселе өздігімен жойылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны