29.03.2012, 16:13 8834

Қазақстанда алғаш рет геологтар күні ресми түрде атап өтіледі

Бұл туралы ҚР Өндірістік геологиялық ұйымдары қауымдастығынан хабарлады.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда геологтар күні ресми түрде атап өтіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Өндірістік геологиялық ұйымдары қауымдастығынан хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясы бекітілді.

Жарлықпен Қазақстан геологтарының кәсіби мерекесі белгіленді. Геолог күні елімізде сәуір айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін болады.

Аталмыш сала қызметкерлері осы күнге орай Алматы қаласында салтанатты іс-шара өткізбек. Оған ҚР Индустрия және жаңа технологиялар, мұнай және газ министрліктерінің басшылары, "Самрұқ-Қазына" ҰИҚ" АҚ, "Қазгеология" АҚ, "ҚазМұнайГаз" АҚ және Қазақстанның басқа да ұлттық компанияларының түрлі деңгейдегі басшылары, елдегі геологиялық ұйымдардың, геология қызметкерлерінің кәсіподақтарының, геодезия және картография ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ геология қызметінің ардагерлері қатысады деп күтілуде.

Іс-шара 30 наурыз күні Қ.Сатпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының ғимаратында өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны