04.07.2014, 20:18 5155

Қазақстанда Астана мен Алматының отандық техникаларының тұңғыш автошеруі басталды

Бүгін Астана мен Алматы әкімдіктерінің қолдауымен Елорда күніне орай Қазақстанда қос қаланың отандық техникаларының тұңғыш автошеруі басталды.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Астана мен Алматы әкімдіктерінің қолдауымен Елорда күніне орай Қазақстанда қос қаланың отандық техникаларының тұңғыш автошеруі басталды.

"Бүгінде Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан жаңа өндіріс ашу жұмыстары қарқынды қолға алынуда. Аталмыш жұмыстардың аясында тауар өндірушілердің өздерінің тараптарынан да қолдаудың болуы маңызды. Қазақстандық өнімді сатып ала отырып әрбір адам мемлекеттің дамуына үлес қосатынын түсінгені жөн. Мен "Транс-тасымал", "Камаз-инжиниринг", "Ораларгоремаш" секілді өзге де компанияларға осы шараны ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін", - дейді ҚР ИЖТМ Жергілікті қамтуды қамыту агенттігінің басқарма төрағасы Қайрат Бектұрғанов.

Айта кету керек, акция отандық тауар өндірушілерді қолдауға, компания қызметі туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, жергілікті қамтуды дамытуды насихаттауға бағытталған.

Автошеруге отандық өндірушілердің көліктері қатыстырылады. Олардың ұзын саны 20 шақты арнайы техникадан тұрады. Өрт сөндіру көліктері, жүк көліктрі, микроавтобустар мен өзге де арнайы техникалар бар.

"Біз отандық өнімді сатып ала отырып Қазақстанның гүлденуіне айтарлықтай үлес қосамыз. Осылайша жаңа кәсіпкерліктерді ашуға мүмкіндік бере отырып отандық бизнестің көжиегін кеңейте түсеміз. Бұл өз кезегінде мемлекет қазынасының толуын былай қойғанда жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына мүмкіндік береді", - дейді "Транс-тасымал" ЖШС Бас директоры Вячеслав Андреев.

Енді автошеру қатысушылары Алматы қаласында мәреге жетеді. Сол жерде кейін мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Айта кету керек, аталмыш шара "Ұлттық бренд-2014" форум-көрмесі аясында ұйымдастырылған. Қазақстандық өндірушілердің бұл бастамасын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жергілікті қамтуды дамыту агенттігі қолдап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны