18.01.2016, 13:58 2694

Қазақстанда ауа райы -35C дейін суытады

Елімізде 19 және 20 қаӊтарда қатты аяз болады деп күтілуде, деп хабарлады Қазгидромет

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елімізде 19 және 20 қаӊтарда қатты аяз болады деп күтілуде, деп хабарлады Қазгидромет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ресейдіӊ Сібірдегі Таймыр өлкесінен басталған суық антицклон Қазақстанныӊ солтүстік, орталық және шығыс облыстарына ықпал ететін болады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Алдағы тәуліктерде 19-20 қаӊтарда қатты аяз болып, түнгі температура 30-35C, ал күндіз 20-25C аяз болады деп күтілуде. Оған күшті жел мен бұрқасын қосылып, күн одан сайын суыта түспек.

21 қаӊтарда оӊтүстік циклонныӊ тегеурінімен антициклон мен аяз шығысқа қарай ауысады.

Республиканыӊ батысында Қара теӊізден циклон ықпалымен жылбысқы қар жауып, жел 15-25 м/с-қа жетіп, температура 3-8C-қа климаттық нормадан артады деп күтілуде.

Оӊтүстікте ауа райы жылы, жауын-шашынсыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны