09.07.2010, 17:41 2847

Қазақстанда балалар мен жастарды шұғыл құқықтық және психологиялық қолдау көрсететін бірыңғай ұлттық сенім телефон желісі құрылатын болады

"Бүгін Ішкі істер министрлігі Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағымен бірлесе отырып балалар мен жастарды шұғыл құқықтық және психологиялық қолдау көрсететін бірыңғай ұлттық сенім телефон желісін құру мәселесін пысықтадық",- деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.

Астана. 9-шілде. Kazakhstan Today Қазақстанда балалар мен жастарды шұғыл құқықтық және психологиялық қолдау көрсететін бірыңғай ұлттық сенім телефон желісі құрылатын болады, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

"Бүгін Ішкі істер министрлігі Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағымен бірлесе отырып балалар мен жастарды шұғыл құқықтық және психологиялық қолдау көрсететін бірыңғай ұлттық сенім телефон желісін құру мәселесін пысықтадық",- деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.

Министрліктегілердің пайымдауынша, "әрбір бала үшін тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін бірыңғай ұлттық сенім телефон желісін енгізу олардың құқықтарын, бостандықтар мен заңды мүдделерін қорғаудағы нақты шараларды қолдануға мүмкіндік береді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны