14.09.2007, 19:03 3861

Қазақстанда балалардың өлім деңгейі дамыған әлемдегі осы тақылеттес көрсеткіштен бес еседей артық - ЮНИСЕФ

Қазақстанда балалардың өлім деңгейі дамыған әлемдегі осы тақылеттес көрсеткіштен бес еседей артық.

Астана. 14 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда балалардың өлім деңгейі дамыған әлемдегі осы тақылеттес көрсеткіштен бес еседей артық. Бұл туралы ЮНИСЕФ бүгін таратқан баспасөз баянында айтылған.

"Дамыған әлемде әрбір тірі туған 1000 нәрестеге небәрі алты өлімнен келеді, Қазақстанда нәрестелердің шетінеу коэффициенті әрбір тірі туған 1000 балаға шаққанда 31,8 оқиғадан, ал бес жасқа дейінгі баланың өлімге душар болу ықтималдығының коэффициенті 1000 шаранаға шаққанда 36,3 оқиғадан келеді", - деп хабарлайды ЮНИСЕФ 2005-2006-жылдарда 50 елде жүргізілген мультииндикаторлық кластерлік және медициналық-демографиялық зерттеулердің мәліметтеріне негіздеп.

"Ұл балалардың өлім көрсеткіші қыздардың өлім көрсеткішіне қарағанда біршама артық және тиісінше әрбір 1000 балаға шаққанда 36,6 және 26,6 оқиғаны, ал 5 жасқа дейінгі балалардың өлім көрсеткіші әрбір 1000 балаға шаққанда тиісінше 41,7 және 30,3 оқиғаны құрайды", -делінген баспасөз баянында келтірілген Қазақстанға қатысты зерттеу мәліметтерінде.

"Қазақстандағы ауылдық жерлерде нәрестелердің өлім коэффициенттері мен бес жасқа дейінгі балалардлың өлім көрсеткіштері қаладағы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 есе артық, ең бай үй шаруашылықтарындағы нәрестелер мен балалардың өлімге душар болу ықтималдығының коэффициенттері ел бойынша орта есеппен алғанда шамамен екі еседей төмен", - делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны