12.01.2010, 17:42 6175

Қазақстанда білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі 10 жылда 7 есе өсті - Түймебаев

Қазақстанда білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі 10 жылда 7 есе өсті - Түймебаев

Алматы. 12 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі 10 жылда 7 есе өсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Лондонда өтіп жатқан "Оқыту және технология" атты бүкіләлемдік халықаралық форумда сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, 2009 жылы, дағдарысқа қарамастан, білім беру саласының бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 10,7%-ға өсіп, 709,9 млрд теңгені құрады (2008 жылы - 627,3 млрд теңге).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лондонда 11-13 қаңтар күндері 50 мемлекеттің білім және ғылым министрлері, 70 мемлекеттен 750-ден астам білім көшбасшылары қатысатын әлемдік деңгейдегі ірі форум өтуде. Мақсаты - білім және жоғары технология саласындағы көшбасшылардың басын қосу, өзара тиімді және соны идеялар мен бағалы тәжірибемен алмасу. Форумда қаралатын негізгі тақырыптардың бірі - білім берудегі мәселелерді қайта қарау.

Бұл өз кезегінде өмірдің барлық саласында аймақтық және әлемдік көшбасшылыққа ұмтылып отырған ұлттық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында маңызды. Қазіргі заманның осы және басқа да өзекті мәселелері жоғары технологияны дамыту келешегі шеңберінде қарастырылады. Баршамыз онсыз әлемдік инновациялық-индустриалдық серпіліске жету мүмкін еместігін білеміз. Осы пікір алмасу білім және ғылым саласындағы әлемдік ынтымақтастықтың қарқынды дамуына ықпалдасады.

Арнайы шақырылған қонақтар арасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бар. Олбірнеше тақырып бойынша баяндама жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны