06.08.2012, 15:46 6131

Қазақстанда білім гранттарын беру басталды

Білім гранттарына тағайындалған конкурс нәтижелері 15 тамызға қарай белгілі болады. Бұл туралы бүгін Астанада Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.

Астана. 6-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда білім гранттарын беру басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Білім гранттарына тағайындалған конкурс нәтижелері 15 тамызға қарай белгілі болады. Бұл туралы бүгін Астанада Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.

"Білім гранттарының тізімі 15 тамызға қарай белгілі болады. Конкурстық комиссия тамыз айының 10-ына дейін жұмыс істейді. Кейбір техникалық мәселелер, жетімдерге қатысты тағы да басқа мәселелер шешімін табады. Ректорлар тарапынан бірқатар ұсыныстар түсіп отыр. Олардың барлығын қарастыратын боламыз", -деді Б.Жұмағұлов.

"Конкурстық комиссия жұмысында әрбір баланың болашағы қаралады, сондықтан оны жоғары деңгейде өткізуіміз керек, тиісті тапсырманы бердім. Он бесінші тамызға дейін қорытынды нәтижені "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттеріне шығарамыз деп ойлаймын", - деп толықтырды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны