24.08.2012, 12:04 3136

Қазақстанда бірқатар ЖОО колледждерге айналдырылады

Қазақстанда жоғары оқу орындарын оңтайландыру шеңберінде кейбір университеттер колледждерге айналдырылады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 24-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда бірқатар ЖОО колледждерге айналдырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда жоғары оқу орындарын оңтайландыру шеңберінде кейбір университеттер колледждерге айналдырылады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Оңтайландыру барысында бірқатар ЖОО колледждерге айналдырылады, ал біразы жабылады. Министрлік жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында оңтайландырудың 5 жылға арналған осындай алгоритмін дайындады", - деді вице-министр.

М.Сарыбековтың айтуынша, оңтайландырудың мақсаты қуаты аз ЖОО біріктіріп, қажетті оқу-зертханалық, материалдық-техникалық базасы бар және біліктілік талаптарына сай кадрлық әлеуеті жоғары бір оқу орнын құру.

ҚР БҒМ мәліметтеріне қарағанда, қазіргі кезде бұрын жұмыс істеп тұрған 146 ЖОО орнына 143 ЖОО білім беру жұмысын жүргізетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті өзінің "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" атты бағдарламалық мақаласында білім бері мекемелерін оңтайландыру туралы тапсырма берген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны