12.04.2007, 13:29 3567

Қазақстанда БҰҰ-ның басқаруымен жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығы өтеді

АЛМАТЫ. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда БҰҰ-ның басқаруымен сәуірдің 23 мен 29 аралығында жол қозғалысына қатысушы жастарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқармасынан хабарлады.

"Ғаламдық бірінші апта аясында дүниежүзінде жолдардағы апаттарды азайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды пәрмендендіру және жолдағы апаттардың залал-зардаптарын азайту үшін жергілікті, аймақтық және халықаралық деңгейдегі шаралар өткізіледі",- дейді басқармадағылар.

Атап айтсақ, Алматы, Астана мен республика облыстарында ғаламдық апталық шеңберінде мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында тақырыптық ашық сабақтар, жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған мектеп газеттері мен бұрыштарының байқаулары, шығармалар мен компьютерлік суреттердің байқаулары ұйымдастырылады.

"Жол апаттарының құрбандарын еске алу үшін көлік жүргізушілеріне күндізгі уақытта жақынға бағышталған жарықты жағып жүру ұсынылады", дейді тәртіп сақшылары.

Сонымен бірге апталық аясында жол желілерінің, аяқжолдардың, өткелдердің, велосипед жолдарының, жол қозғалысын ұйымдастыруға арналған техникалық құралдардың қозғалыс қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

"Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелер орналасқан маңайда жол қозғалысын ұйымдастыруға айрықша назар аударылады",- дейді басқармадағылар.

Сонымен бірге жол полициясы басқармасындағылар ашық есік күндері мен еске алу күндерін өткізуді межелеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны