17.07.2013, 16:43 3574

Қазақстанда демалу өте қымбатқа түседі

Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында "Тау-тур KZ" туристік фирмасының менеджері Салтанат Дүйсенқызы мәлімдеді.

Алматы. 17-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстандық шипажайлар, пансионаттар мен демалыс орындарындағы бағалар өте қымбат. Және бұл бағалар жаппай туризмі дамыған елдердің курорттарындағы бағамен бірдей, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында "Тау-тур KZ" туристік фирмасының менеджері Салтанат Дүйсенқызы мәлімдеді.

"Жергілікті туризмге сұраныс бізде бар. Адамдар елімізді аралағысы келеді, бірақ барлығы ақшаға байланысты. Біздің ойымызша, жергілікті шипажайларда баға тым қымбат және ол көрсетілген қызмет сапасына сәйкес келмейді. Сондықтан, туристік фирмаларға бұндай жолдамаларды сату қиын", - деді С.Дүйсенқызы.

Оның айтуынша, соңғы жылы ішкі туризмге сұраныс аз да болса өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны