27.10.2006, 17:54 3116

Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекімен күрес жөніндегі конвенциясын бекітуді жеделдетуге бағытталған шара басталды

АСТАНА. 27-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекімен күрес жөніндегі конвенциясын бекітуді жеделдетуге бағытталған шара басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Отан" партиясының жастар қанатынан хабарлады.

Шараны өткізу туралы бастаманы "Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін" ұлттық коалициясы мен "Отан" партиясының жастар қанаты көтерген.

Шараның мақсаты - "Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекімен күрес жөніндегі конвенциясын бекітуді жеделдету және аталмыш құжаттың қазақстандықтардың денсаулығы үшін маңыздылығына қоғам назарын аудару" болып табылады.

Шараны ұйымдастырушылар республика қалаларында "конвенцияның Қазақстан үшін айрықша маңызды ережелерін" қолдаушылардың қолын жинамақшы. Мәселен, темекі өнімдерінің салығын көтеру, темекі тартпайтындарды қорғау, темекі компанияларымен ынтымақтастықтың кез-келген түрінен бас тарту жөніндегі тұстары.

Бүгін шара республика Астанасында басталды. Бұдан кейін эстафета Павлодар, Қарағандыға беріліп, 18-қарашада Алматыда аяқталады.

Қазақстан бұл конвенцияға 2004-жылдың маусым айында біріккен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны