09.04.2010, 15:59 7040

Қазақстанда электр қуатын үнемдеуші лампаларды жою мәселесі әзірге шешілген жоқ - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Қазақстанда электр қуатын үнемдеуші лампаларды жою мәселесі әзірге шешілген жоқ - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда электр қуатын үнемдеуші, сынапты лампалардың жою мәселесі әзірге шешілген жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Киото хаттамасы департаментінің директоры Төлебай Иділов тілшіге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, ішінде сынабы бар лампаларды арнпулы кәсіпорындарға өткізу арқылы жоюға болады, бірақ бұл мәселе "елімізде әзірге заңнамамен бекітілген жоқ". "Министрлік сынапты лампалардың жою мәселесі бойынша бағдарлама жасаған және барлық өңірлерде сынапты лампаларды жоя алатын кәсіпорындар бар... Министрлік сынапты лампаларды жоюды заңмен бекіту үшін өз ұсынысын енгізген. Бұл мәселе әзірге шешілген жоқ, энергетикалық тиімділік туралы заң парламентта жатыр, ол мәселе жұмыс бабында шешілу үстінде", - деді Т. Иділов.

Оның айтуынша, Қазақстанда сынапты лампаларды жоя алатын кәсіпорындар саны өте аз.

Төлебай Иділовтың айтуынша, адамдар пайдаланудан шыққан сынапты лампаларды оны жоя алатын кәсіпорындарға әкелуі үшін арнаулы жүйе енгізу жоспарлануда. "Батыстағы секілді ондай адамдар ол үішн ақша алуы керек. Яғни, егер адам өртенген лампаны әкеліп тапсырса, оның орнына арзандау бағаға оның жаңасын алады деген сөз, сонда ғана бұл механизм жұмыс істейтін болады", - деді Т. Иділов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны