01.06.2007, 18:25 3287

Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуде

Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуде

АЛМАТЫ. 1 - маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Балаларды қорғау күнін атап өту туралы шешімді Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы 1949 жылдың қарашасында арнайы сессияда қабылдаған. Алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы атап өтілген. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл бастаманы қолдап, балалардың құқығын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өзінің іс-қызметінің басты бағыттарының бірі ретінде жариялаған.

Қазақстанның қалаларында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бүгін мерекелік шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда, Алматыда салтанат барлық алаңдар мен демалыс саябақтарында өтті. Балаларға арналған театрлық көріністер, байқаулар ұйымдастырылып, оларға сыйлықтар тапсырылды.

Алайда, балалардың проблемаларымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің айтуынша, "билік өкілдерінің бала құқығын қорғау қажеттігі жөнінде ұдайы өткізетін көз алдау шараларына қарамастан, Қазақстанда бұл салада тауқыметтер шаш-етектен".

Атап айтқанда, "Балалар құқығын қорғау" жөніндегі ата-аналар қауымдастығының мәліметтеріне сүйенсек, Алматыда мектеп оқушыларының арасында өзін өзі өлтіру мен басқа да қайғылы оқиғалар саны өсіп келеді. Тек осы жылы жаппай улану қаланың үш білім беру мекемесінде тіркелген.

Құқық қорғаушылар бұл деректерді мектептердегі мұғалімдердің жетіспеушілігімен және балалардың бос уақытын ұйымдастырмаумен байланыстырып отыр. Естеріңізге сала кетейік, қала бір жыл бұрын Оқушылар сарайынан айрылды. Жергілікті билік бұл жерде қымбат қонақ үй салуға шешім қабылдады. Республикалық Оқушылар сарайының жағдайы да белгісіз.
Қазіргі уақытта қалада 180-ге жуық мектер жұмыс істеуде. Бірақ оларды барлығы дерлік (95 пайызы) екі немесе тіптен үш ауысыммен жұмыс істейді. "Математика, физика, орыс тілі, шет тілі, тарих, тептен дене шынықтыру мұғалімдері жетіспейді",- деді агенттікке "Балалар құқығын қорғау" ата-аналар қауымдастығының атқарушы директоры Фаузия Икамбаева. "Осындай жағдайда білім беру сапасы туралы қалай сөз қозғауға болады?",- деген ренішін білдірді ол.

Жуықта Алматының билік өкілдері балалар үйінің 200 тәрбиеленушісінен олар алма ағашын өсіріп, еңбекке баулыған жер телімін тартып алмақ болды. Тек журналистер мен жұртшылықтың араласуының арқасында ғана оны сақтап қалу мүмкін болды.

Емдеу орындарында 100-ден астам балаға ВИЧ індетін жұқтырған Оңтүстік Қазақстан облысындағы оқиға өз алдына бір төбе. Осы іс жөніндегі сот шешімі шілдеде шығарылуға тиіс. Бірақ жазаның қаншалықты әділ болатындығы белгісіз.

Қазастанда балалар тек дәрігерлердің немқұрайлылығы мен билік өкілдерінің балалар проблемасын шешуге құлықсыздығының нәтижесінде ғана мерт болып жатқан жоқ. Тек жол-көлік оқиғасының салдарынан жыл басынан бері 59 бала қайтыс болып, 490 бала жарақат алған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны