20.02.2015, 11:29 3872

Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша егу жұмыстары уақытша тоқтатылды

Қазақстан Республикасыныӊ бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинніӊ қаулысымен Теміртау және Жаӊаөзен қалаларында егу жұмыстарынан кейін орын алған келеӊсіз оқиғалардыӊ тіркелуіне байланысты егу жұмыстары уақытша тоқтатылды

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинніӊ қаулысымен Теміртау және Жаӊаөзен қалаларында егу жұмыстарынан кейін орын алған келеӊсіз оқиғалардыӊ тіркелуіне байланысты егу жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Егу жұмыстары 2015 жылғы 2 наурызға дейін тоқтатылды. Осы уақытқа дейін тергеу жұмыстары аяқталып, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ұлттық дәрі-дәрмек, медициналық заттар мен медициналық техниканы сараптау орталығы вакцинаға сараптама жүргізеді деп жоспарланып отыр", - делінген таратылған ақпаратта, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

2015 жылғы 19 ақпандағы жағдай бойынша, республика бойынша барлығы 15-19 жастағы 500 мыӊға жуық жасөспірім егілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны