11.06.2013, 11:08 14554

Қазақстанда көктемгі егістің жалпы ауданы биыл 18,6 млн га құрады

Сонымен қатар, ол өткізіліп жатқан ауыл шаруашылық дақылдарын әртараптандыру шеңберінде биыл бидайдың егіс алқаптары 2012 жылмен салыстырғанда 355 мың га қысқарып, 12 млн 657 га құрағанын атап өтті.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда көктемгі егістің жалпы ауданы биыл 18,6 млн га құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"Көктемгі егіс ауданы 18,5 млн га жоспар кезінде 18,6 млн га құрады", - деді А.Мамытбеков.

Сонымен қатар, ол өткізіліп жатқан ауыл шаруашылық дақылдарын әртараптандыру шеңберінде биыл бидайдың егіс алқаптары 2012 жылмен салыстырғанда 355 мың га қысқарып, 12 млн 657 га құрағанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, астықтың қысқаруымен қатар майлық, жемшөп және астық-жемшөп дақылдары егіс алқаптарының артуы байқалып отыр. Жемшөптік, майлы және көкеніс-бақша дақылдары бойынша жоспарланған деңгейден сәйкесінше 70 мың, 73,8 мың және 5 мың га артық егілген, деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Жалпы алғанда министрдің мәліметінше көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Үкімет биыл 60 млрд теңге сомаға бюджеттік несие бөлген, ол уақытылы өңірлерге қаржырандырылған.

Сонымен қатар, ол шегіртке зиянкестерімен күрес жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Қазір еліміздің оңтүстік, солтүстік және батыс облыстарында алқаптарды өңдеу жүргізіліп жатыр. Белгілі бір қиындықтар бар. Биыл және өткен жылы шегіртке белсенділігінің биологиялық үдемелі кезі байқалып отыр. Алайда, жағдай бақылауға алынған", - деді АШМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны