19.03.2009, 16:52 3737

Қазақстанда мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында 146 мыңнан астам адам оқытылады

Қазақстанда мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында 146 мыңнан астам адам оқытылады

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында 146 мыңнан астам адам оқытылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында мекеме басшысы Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Республикада мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясына 146 мыңнан астам адам қамтылады. Бағдарламаны қаржыландыруға 14,4 млрд теңге бөлінеді ", - деді министр.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алқа отырысына жоғары және техникалық-кәсіптік оқу орындарының басшылары, ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдары, облыстық және Астана мен Алматы қалаларының білім беру басқармаларының бастықтары қатысты.

Мәжілісте Елбасы жолдауын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүктелген тапсырмалар қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев баяндама жасап, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша ауқымды шараларды атқаруға бағытталған жұмыстарымен таныстырды. Олар: еңбек нарығының сұранысын қамтамасыз ету және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен алмастыру үшін кадрларды қайта дайындықтан өткізуге арналған курстарды ұйымдастыру; экономикалық сұранысты ескере отырып, салалар мен аймақтар бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын кәсіби және мамандық жігінде даярлауға мемлекеттік тапсырысты арттыру; облыстар және Алматы мен Астана қалаларындағы мектептерді жөндеудегі қажеттілікті анықтау.

Сонымен қатар алқа отырысында ҚР БҒМ өткен жылғы жұмысы қорытындыланды. Экономиканың түрлі салаларында жұмыссыз қалғандарды еңбекпен қамту бойынша нақты ұсыныстар айтылды.

Құрылымдық және аймақтық, сондай-ақ білім беру басқармаларының басшыларына, ғылыми ұйымдар, ведомстволық бағынысты ғылыми-техникалық орталықтар директорларына Елбасы жолдауында көтерілген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны