13.01.2018, 21:09 4862

Қазақстанда медицина қызметкерлерініӊ білімдері мен дағдылары тәуелсіз ортада бағаланатын болады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ Сапа жөніндегі біріккен комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы мамандардыӊ кәсіби даярлығын бағалауды және біліктілік сәйкестілігін растауды жүзеге асыру үшін 2017 жылдыӊ 28 желтоқсанында "Тәуелсіз емтихан алу ұлттық орталығы" өзін-өзі реттейтін ұйымын аккредиттеді

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ Сапа жөніндегі біріккен комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы мамандардыӊ кәсіби даярлығын бағалауды және біліктілік сәйкестілігін растауды жүзеге асыру үшін 2017 жылдыӊ 28 желтоқсанында "Тәуелсіз емтихан алу ұлттық орталығы" өзін-өзі реттейтін ұйымын аккредиттеді.

Қайта реттеу және қызметтерді тәуелсіз ортаға беру шаралары аясында 2018 жылдыӊ қаӊтар айынан бастап Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығыныӊ (ДСДРО) құрылымындағы Білімді және дағдыларды бағалау орталығы таратылды.

2018 жылдыӊ қаӊтар айынан сапалы және ашық түрде (транспарентті) тәуелсіз емтихан алуға арналған халықаралық талаптарға сай әзірленген Дүниежүзілік банк жобасыныӊ аясында кіріктірілген ақпараттық жүйе (КАЖ) толық масштабта енгізіле бастайды. КАЖ дәрігерлер мен мейіргерлер, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерініӊ түлектері, резиденттер, интерндер үшін теориялық және тәжірибелік емтихан өткізуді қамтамасыз етеді. Тіркелу, тест тапсыру және нәтижелерін есептеу адами фактордыӊ әсерінсіз автоматты түрде жүзеге асырылады. Ир үміткер үшін күнін, сағатын таӊдап, емтихан тапсыруға өтінім беруге және оныӊ барысын тексеруге мүмкіндік беретін жеке электронды кабинет жасалады. Тестілеу нәтижелері сол сәтте-ақ тұрақты жұмыс істейтін үміткердіӊ жеке кабинетіне жіберіледі, және оны жою немесе өзгерту мүмкін емес.

Медицина қызметкерлерініӊ білімдері мен дағдыларын бағалау қызметініӊ тәуелсіз ортаға берілуіне байланысты, осы жылдыӊ қаӊтарынан кәсіби даярлығын бағалаудан өту және біліктілік санатына сәйкестілігін растау үшін медицина қызметкерлерінен өтінімдерді үкіметтік емес ұйым - Тәуелсіз емтихан алу ұлттық орталығы qazexam.kz сайты арқылы қабылдайтын болады.

ДСДРО мекен-жайына өтінім беріп, бағалау жөніндегі қызметке ақы төлеп қойған, бірақ қызмет көрсетілмеген үміткерлер емтихан болатын күні сол жерде, немесе qazexam.kz сайтында онлайн түрде Тәуелсіз емтихан алу ұлттық орталығы ұсынған өтініштіӊ қосымша нысанын толтырған жағдайда, белгіленген мерзімде бағалаудан өтеді.

Қабылданған шаралар тәжірибелік қызметке рұқсат ету үшін медициналық қызметкерлердіӊ білімдері мен дағдыларын бағалау сапасын және сенімділігін арттырады, бағалау кезінде сыбайлас жемқорлық қауіптерін болдырмайды және қоғамдық денсаулық сақтауды сапасыз даярланған мамандардан қорғауға бағытталады.

ҚР ДСМ ДСД РО баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны