17.05.2012, 13:55 3342

Қазақстанда "Олимпиада күні" өтеді

"Олимпиадалық жүгіру күні" ретінде аталып өткен мейрам соңғы жылдары "Олимпиада күні" болып тойланып келеді. Себебі оның аясында тек жүгіру жарыстары ғана емес, сонымен қатар спорттың басқа да түрлері бойынша сайыстар өткізіледі. Негізгі мақсат - халық арасында салауатты өмір салтын насихаттап, барлық қазақстандықтарды спортқа тарту.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Мамырдың 19-ы күні Қазақстанда "Олимпиада күні" іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның аясында барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында сан алуан спорт сайыстары ұйымдастырылады. Бұдан басқа, "Олимпиадалық жарыстар" тақырыбында суреттер конкурсы, "2012 Лондон Олимпиадасы" зияткерлік ойыны, ұлттық спорт түрлерінен арнайы жарыстар өткізу жоспарланған. "Олимпиада күні" іс-шарасына қатысқандардың барлығына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Роггенің қолы бар куәліктер, ал жеңімпаздарға ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің арнайы сыйлықтары табысталады. Сондай-ақ демеушілердің жеке сый-сыяпаттары таратылады.

Айта кетейік, бұған дейін "Олимпиадалық жүгіру күні" ретінде аталып өткен мейрам соңғы жылдары "Олимпиада күні" болып тойланып келеді. Себебі оның аясында тек жүгіру жарыстары ғана емес, сонымен қатар спорттың басқа да түрлері бойынша сайыстар өткізіледі. Негізгі мақсат - халық арасында салауатты өмір салтын насихаттап, барлық қазақстандықтарды спортқа тарту.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны