24.02.2015, 14:25 3789

Қазақстанда оӊалту құралдары I және II топтағы мүгедектердіӊ үйлеріне жеткізіп беріледі

Қазақстанда 2015 жылы I және II топтағы мүгедектер үшін протездік-ортопедиялық бұйымдардан басқа оӊалту құралдарыныӊ барлық түрлерін үйлеріне жеткізіп беру ұйымдастырылады

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2015 жылы I және II топтағы мүгедектер үшін протездік-ортопедиялық бұйымдардан басқа оӊалту құралдарыныӊ барлық түрлерін үйлеріне жеткізіп беру ұйымдастырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берілген өтінімдер негізінде жеке оӊалту бағдарламаларына сәйкес мүгедектер үшін оӊалту құралдарын үйлеріне жеткізіп беру жоспарланып отыр. Құралдарды облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерініӊ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары бөледі. Ал оларды жеткізуді аудан (қала) әкімі анықтаған аудандық жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етуі керек. Құралдыӊ жеткізілгенін тапсырыс беруші мен жеткізуші қол қойған қабылдап алу/беру актісі растайды.

Оӊалту құралдарын үйлеріне жеткізу алыс елді мекендерде тұратын мүгедектер үшін жолға кететін шығынды азайтып, оӊалту құралдарын пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеӊейтілген алқа мәжілісінде министр Тамара Дүйсенова ҚР ДСИДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еӊбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдегенін естеріӊізге саламыз.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны