13.02.2012, 11:05 3858

Қазақстанда онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы әзірленуде

Елбасының Жолдауын жүзеге асыру аясында 2012 жылы халыққа онкологиялық көмек көрсетуге, онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімдерді азайтуға ерекше назар бөлінеді.

Астана. 13-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы әзірленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда онкологиялық көмекті дамытудың салалық бағдарламасын әзірлеп жатыр, деп мәлім етті Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры Жәмила Баттақова Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

Елбасының Жолдауын жүзеге асыру аясында 2012 жылы халыққа онкологиялық көмек көрсетуге, онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімдерді азайтуға ерекше назар бөлінеді.

Ж.Баттақованың айтуынша, қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда онкологиялық көмекті дамытудың салалық бағдарламасы әзірленуде. Бұл бағдарлама медициналық нысандардың материалдық-техникалық жарақталуын нығайту, медициналық кадрларды дайындау, Ұлттық медициналық холдингтің базасында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.

"Ал біздің міндетіміз барлық деңгейдегі профилактиканы қамтамасыз ету, онкологиялық аурулардың тәуекел факторларын жою, ауруларды ерте кезеңде анықтау үшін тікелей онколог-дәрігерлермен жұмыс істеу болып табылады",- деп хабарлады Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны