20.01.2010, 15:55 6104

Қазақстанда орны толатын энергетика бойынша 20 жоба әзірленді

Қазақстанда орны толатын энергетика бойынша 20 жоба әзірленді

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда орны толатын энергетика бойынша 20 жоба әзірленді, олар Киото хаттамасының тетіктері аясында жүзеге асырылуға тиіс. Бұл туралы бүгін мекемеде өткен алқа мәжілісінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Ишімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2009 жылы орны толатын энергетика бойынша 20 жоба әзірленді, олар Киото хаттамасының тетіктері аясында жүзеге асырылуға тиіс", - деді Н. Ишімов.

"Финляндияның Sepecal Oy компаниясымен бірлесе жұмыстар жүргізілуде, ол Астанадағы ғимараттарды жылумен қамтамасыз етудің қуат үнемдейтін технологиясына қатысты жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда, қала әкімдігімен осы жобаға арнап бір аудан немесе квартал бөлу жөнінде уағдаластық жасалды", - деді министр.

Сондай-ақ, Жапония үкіметі Қазақстанның өтініші бойынша қуаты 1 МВт болатын күн панелдерін орнатуға грант бөлуде.

Нұрғали Ишімов Қазақстанның 2009 жылы күн райының өзгерісі проблемалары бойынша Киото хаттамасына қатысушы елге айналғанын еске салды.

"Қазақстан күн райының өзгерісініе қатысты Копенгагенде өткен жиында климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі ғаламдық мақсатты қолдады. Оның мәні Цельсий өлшемі бойынша 2 градустен асырмауға саяды. Сондай-ақ, Қазақстан парниктік газдарды азайту жөніндегі міндеттемелерді өз еркімен қабылдады", - деді министр.

Ол бұған қоса Қазақстанның Еуропаның тауар биржасына бейімдей отырып, квотаны саудалауды жоспарлап отырғанын жеткізді. Одан әрі бұл сауда-саттық халықаралық деңгейге дейін көтеріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны