24.12.2009, 18:13 3621

Қазақстанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін ойын-сауық орындарын пайдалануды тоқтата тұруға 146 шағым түсірілді

Қазақстанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін ойын-сауық орындарын пайдалануды тоқтата тұруға 146 шағым түсірілді

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін ойын-сауық орындарын пайдалануды тоқтата тұруға 146 шағым түсірілді. Бұл туралы бүгін ҚР ТЖМ өртке қарсы күрес қызметі комитетінің бас маманы Сержан Нұрғазин Астанада өткен брифинг кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өртке қарсы ахуал 1909 ойын-сауық мекемесінде тексерілді. Соның ішінде 400 мейрамхана, 1038 дәмхана мен бар, 174 түнгі клуб пен осы санаттағы басқа да 298 ұйым бар. Тексерулердің қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 908 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заң бұзушылықтар сомасы 7 млн теңгеден асты", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны