11.08.2015, 10:48 5148

Қазақстанда осымен 19 Зияткерлік мектебі ашылды

Алматыда химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Алматы қаласы Икімі Б.Қ. Байбек қатысты, деп хабарлады білім ордасыныӊ баспасөз қызметі

Алматы. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Алматы қаласы Икімі Б.Қ. Байбек қатысты, деп хабарлады білім ордасыныӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталып өткендей, 19 мектеп - Алматы қаласындағы химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебі 960 оқушыға арналып салынды. 9 блоктан құралған мектепте соӊғы үлгідегі мектеп жабдықтарымен жабдықталған 70 оқу сыныбы мен 25 зертхана орналасқан. Дәстүрлі оқу қабинеттері мен хертханалардан басқа, интеграция, техникалық үлгілеу, нано және биотехнологиялар, робототехника, жеке жұмыс жүргізу және психологиялық жеӊілдену кабинеттері бар. Физика, химия, биология пәндерініӊ кеӊейтілген зертханалары халықаралық заманауи талаптарға сәйкес жасалған, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Мектеп телестудиясы оқушылардыӊ шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мектептіӊ басқа Зияткерлік мектептерден тағы бір айырмашылығы - әр түрлі бағыттағы техникалық үйірмелер жүргізілетін технотория зертханалары. Мектеп орналасқан ауданда тұратын оқушылар аталған үйірмелерге келіп қатысуларына болады.

Школа оснащена новейшими компьютерными системами, мультимедийными кабинетами, Мектеп жаӊа компьютерлік жүйелермен, оқушыларға тиімді білім берумен қатар, мұғалімге де оқу үрдісін тиімді басқаруға қажетті заманауи компьютерлік техникалар, интерактивті электронды такталар, жоғары жылдамдықты интернет, инновациялық бағдарламалардыӊ құралдары қойылған мультимедиялық кабинеттермен жабдықтандырылған.

3 залдан тұратын мектеп кітапханасын да ерекше атап өтуге болады. Кітапхана қоры оқу-әдістемелік құралдар, классикалық және көркем әдебиеттер, отандық басылымдар, медиатекамен толықтырылған. Кітапхана оқушылар ізденіс, ақпараттарды талдау жұмыстарын жүргізе алатын ақпараттық орталық ретінде қарастырылған.

Мектептегі спорттық блокта үлкен және кіші спорт залдары, жаттығу залы және хореография залы бар. Мектеп алаӊында футбол, баскетбол және волейбол ойындарына арналған алаӊқайлар, теннис, жеӊіл атлетика алаӊдары және балалардыӊ демалыс аймағынан тұратын заманауи спорт кешені орналасқан.

Кеӊ әрі көп атқарымды 480 орындақ акт залы, 100 орындық дәрісхана және 50 орындық конференция залы мектепте түрлі іс-шараларды өткізуге арналған.

Оқушылар 500 орындық 2 үлкен асханада тамақтанатын болады.

Жатақхана корпусы Алматы қаласындағы екі Зияткерлік мектептіӊ 270 оқушысын қамтиды.

Қазіргі таӊда бұл мектепте Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президентініӊ "Өркен" Білім грантыныӊ 790 иегері білім алады. Конкурстан өткен 7-8 сынып оқушыларыныӊ орташа балы - 1000- нан 819-646 аралығында болса, 9-10 сынып оқушыларыныӊ жинаған орташа балы еӊ жоғарғы 60 балдан 28,6-23,4 аралығында болды.

Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ оқушыларына конкурстан іріктеліп алынған республиканыӊ 140 үздік мұғалімі сабақ жүргізеді.

Сонымен қатар, Алматы қаласында ашылғалы отырған химия-биология бағытындағы зияткерлік мектеп жоғары оқу орындарымен байланыста жұмыс атқаратын болады, мектепте ғалымдар мен мұғалімдердіӊ бірлескен "Ғылым әлемін ашамыз!" жобасы іске асырылады. Бұл жоба оқушылардыӊ өнертапқыштық және зерттеушілік дағдыларын қалыптастырып, болашақ жас ғалымдарға өзіндік жеке ғылыми жобаларын жасауға бағыт береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны