13.02.2012, 10:00 7827

Қазақстанда Педагогикалық шеберлік орталығы құрылды

"Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" тәжірибелерін кеңінен тарату мақсатында 2011 жылдың қараша айында Педагогикалық шеберлік орталығы құрылған болатын. Бұл орталықта мұғалімдер халықаралық тәжірибеге сәйкес бағдарлама бойынша біліктілікті жетілдіру курстарынан өтуде.

Астана. 13-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Педагогикалық шеберлік орталығы құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" тәжірибелерін кеңінен тарату мақсатында 2011 жылдың қараша айында Педагогикалық шеберлік орталығы құрылған болатын. Бұл орталықта мұғалімдер халықаралық тәжірибеге сәйкес бағдарлама бойынша біліктілікті жетілдіру курстарынан өтуде.

Жоба аясында үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті жетілдіру ұйымдастырылып отыр. Кембридж Университетінің сарапшылары "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" осы бағыттағы серіктестері болып табылады.

Бірлескен зерттеулердің қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектептердің педагогтарына арналған үшсатылы Бағдарлама әзірленіп отыр. Ир саты аудитория жағдайындағы 2 айлық бірыңғай оқу бағдарламасын және онлайн режимдегі 1 айлық оқу бағдарламасын қамтиды. Педагогикалық шеберлік орталығында педагогтар алатын тәжірибелер келешекте еліміздің барлық мектептеріне таратылатын болады.

Қазіргі таңда еліміздің 5 өңіріндегі Зияткерлік мектептердің жанынан педагогикалық шеберліктің шағын орталықтары ашылып отыр. Алдағы уақытта жаңадан іске қосылатын "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" базасында осындай орталықтар жұмыс істейтін болады.

Тағы бір айта кететін жайт, жаңадан іске қосылған және жұмыс істеп жатқан "Зияткерлік мектептердің" мұғалімдерінің біліктіліктерін жетілдіру бағытында 2011 жылдан бастап "Назарбаев Университетімен" бірлескен жоба жүзеге асырылуда.

"Назарбаев Университеті мен UСL (University College London) бірлесіп дайындаған бұл бағдарлама аясында а 2011-2012 оқу жылында 100 педагог дайындықтан өтеді. Курс мұғалімдерге оқытудың инновациялық стратегияларын зерттеуді үйретеді, сыни ойлау дағдыларын дамыту әдістерімен таныстырады.

Сондай-ақ Зияткерлік мектептердің 48 мұғалімі қазіргі уақытта "Назарбаев Университетінің" Білім беру бағдарламалары орталығында арнайы курстан өтуде. "Сыни ойлау" деп аталатын бұл курсты UСL мамандары жүргізуде.

2011 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Зияткерлік мектептерде 662 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 35 шетелдік мұңалім бар. "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" стратегиялық серіктесі SSAT компаниясымен жүргізілген бірлескен жұмыстың арқасында Зияткерлік мектептерге Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия, Канада, Оңтүстік Африка Республикасы және т.б. елдерден жоғары білікті мұғалімдер жұмысқа қабылданып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны