03.04.2012, 11:36 9893

Қазақстанда PISA-2012 Халықаралық зерттеуі басталды

2012 жылы Қазақстанда білім алушылардың білім жетістігіне Халықаралық бағалау жүргізетін PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі басталды. Сәуір айында қазақстандық 15 жастағы білім алушылар PISA-2012 халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысады.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда PISA-2012 Халықаралық зерттеуі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы Қазақстанда білім алушылардың білім жетістігіне Халықаралық бағалау жүргізетін PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі басталды. Сәуір айында қазақстандық 15 жастағы білім алушылар PISA-2012 халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысады.

Елбасы "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Үкіметке оқушылардың сауаттылығын арттыру бойынша 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл ретте қазақстандық оқушылардың білім жетістіктерін тәуелсіз бағалау мониторингіне және Халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысуы осы бағыттағы нық қадамдардың бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны