24.01.2014, 20:10 11068

Қазақстанда Ректорлар консорциумы құрылды

Консорциум халықаралық деңгейде танылған жоғары білім саласындағы Орта-Азиялық аккредитациялау агенттіктің ұйымдастыруын және дамуын басқаратын болады.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанның алдыңғы қатарлы 8 ЖОО Ректорлар консорциумын құрды, деп хабарлайды ҚМЭБИ-дің баспасөз қызметі.

"Консорциумның ұйымдастыру мәселелеріне арналған алғашқы құрылтай отырысы Алматының ҚМЭБИ-дің "Басқарушы білім орталығында" өтеді. Болашақта елдің басқа ЖОО-ларын қамти отырып, консорциумды кеңейту жоспарланып отыр.Консорциумның құрылтайшы ЖОО-лары қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ гуманитарлық-заң университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті , Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Назарбаев Университеті, Халықаралық бизнес академиясы , ҚМЭБИ", - делінген хабарламада.

Отырысқа құрылтайшы ЖОО-лардың ректорлары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі профессор Т.О. Балықбаев қатысады. Консорциум қызметттері үш негізгі салаға шоғырланатын болады

Білім және ғылым министрлігіне академиялық автономияны және еркіндікті енгізу, ғылыми зерттеулерді жетілдіру, жоғары білімді жаңарту және интернационалдандыру, сонымен қатар Қазақстан ЖОО-ларын үздік әлемдік стандарттарға сәйкестендіру және Болон процессін іске асыру жөнінде консультация мен ұсыныстар беру. Сондай-ақ, консорциум автономияны жетілдіру, жаңарту және интернационалдандыру мәселелері бойынша БҒМ-ға консультация беретін Халықаралық сараптау комитетіне кандидатураларды іріктеуге көмек көрсететін болады.

Консорциум халықаралық деңгейде танылған жоғары білім саласындағы Орта-Азиялық аккредитациялау агенттіктің ұйымдастыруын және дамуын басқаратын болады.

Жоғары білімнің дамуына көмек көрсету мақсатында Қазақстан ЖОО-лары үшін тренингтер мен сараптық қолдауды ұйымдастыру. Тренингтер жаңартуға, интернационалдандыруға, басқару жүйелеріне, ашықтыққа, ғылыми зерттеулерге, Болон процессін енгізуге және сонымен қатар халықаралық аккредитацияны алуға шоғырланатын болады (көрсетілгендермен шектелмейді).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны