27.08.2007, 17:10 3542

Қазақстанда "Сақ болыңыздар - балалар" атты іс-шара басталды

Қазақстанда 27-тамыз бен 5-қыркүйек аралығында "Сақ болыңыздар - балалар" атты жыл сайынғы алдын алу іс-шарасы өтеді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 - тамыз. АСТАНА. Қазақстанда 27-тамыз бен 5-қыркүйек аралығында "Сақ болыңыздар - балалар" атты жыл сайынғы алдын алу іс-шарасы өтеді, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметінен.

"Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, сонымен қатар балалардың жол-көлік жарақаттарын алу проблемаларына қоғамның назарын аудару мақсатында Ішкі істер министрлігі 27-тамыздан 5-қыркүйек аралығында "Сақ болыңыздар - балалар" атты онкүндік өткізеді",- деп айтылған Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің дүйсенбіде таратқан хабарламасында.

Онкүндік аясында полиция бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жүргізушілердің арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі (жадынамалар, жол тақырыбына арнап жазған балалардың шығармалары таратылып, көлік кәсіпорындарында дәрістер оқылады). Сонымен қатар, жол өкілдері мен коммуналдық қызметтер бірлесе отырып мектеп маңында жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдардың болуын тексереді. Мектептерде, соның ішінде жалпы мектептің ата-аналар жиналысында жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында алдын алу сабақтары жүргізіледі.

"Іс-шаралар жүргізу барысында жол полициясының патрульдік жамақтарының посты мен бағдары барынша оқу орындарына жақын болады, ал 1 - 5 қыркүйек аралығында - әрбір мектептің жанына тікелей күзет қойылады",- деп атап көрсетті ішкі істер министрлігіндегілер.

Жол полициясы комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылдың жеті айында 1274 жол-көлік оқиғасынан 181 бала мерт болып, 1258 бала жарақат алған. "Жүргізушілердің кінәсінан қайтыс болған балалардың саны 13,8 пайызға өсті",- деп атап көрсетті Ішкі істер министрлігіндегілер.

Полицияның пайымдауынша, көптеген балалардың жолдарда жарақаттануы мен қайтыс болуы көбінесе олардың жол қозғалысының ережесін білмегендіктерімен байланысты. Сонымен қатар "балалар зардап шегетін жол-көлік оқиғаларының 70 пайыздан астамы жүргізушілердің кінәсінан болады".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны