20.03.2007, 18:54 3165

Қазақстанда сәуірдің басынан бастап Қазақстанның Халықтық коммунистік партиясының барлық бөлімшелерінде зейнеткерлер үшін қоғамдық қабылдау жұмыстарын бастайды

АЛМАТЫ. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда сәуірдің басынан бастап Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының барлық бөлімшелерінде зейнеткерлер үшін қоғамдық қабылдау жұмыстарын бастайды. Бұл туралы бүгін "Қазақстанның социалистік бағыттағы ғалымдары" бірлестігінің президенті Александр Холодков мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бізге зейнеткерлер, мүгедектер өте көп келеді. Бұл біздің Орталық комитеттің азаматтардың проблемаларын шешу үшін, оларды қабылдау бойынша республикада қоғамдық қабылдауды ашу жөніндегі қаулы қабылдауына түрткі болды",- деп мәлімдеді А. Холодков. "Шындығында проблемалар өте көп",- деп атап көрсетті.

"Біз қоғамдық қабылдау құру жөніндегі жобаны мақұлдаймыз",- деп мәлімдеді өз кезегінде Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Алматы бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы Зияғин Ағыбетов. "Біз ардагерлерге, мүгедектер мен асыраушысын жоғалтқан тұлғаларға көмек көрсету мақсатында барлық салаларда ынтымақтастықта боламыз",- деп сендірді ол.

"Зейнеткерлер үшін қоғамдық қабылдау" әлеуметтік жобасын Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының Алматы қалалық бөлімшесі мен "Қазақстанның социалистік бағыттағы ғалымдары" қоғамдық бірлестігі Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығымен бірлесе отырып іске қоспақ. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың ақпараттарына сүйенсек, "Ұрпақ" қоғамдық бірлестігімен және Қазақстандық адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі бюромен азаматтардың құқығын қорғау саласындағы тәжірибелер мен ақпараттар алмасу туралы келісімге қол жеткізілген.

А. Холодковтың айтуынша, зейнеткерлер үшін қоғамдық қабылдау жұмыстарының мақсаты - зейнеткерлерге тегін кеңес беру болып табылады. Ұйымдастырушылар, қабылдау қызметкерлері зейнетақы және басқа да жәрдемақыларды тағайындау, есептеу және қайта есеп жүргізу мәселелері бойынша жүгінген барлық азаматтарға кеңес береді, деп жоспарлауда, және де сол үшін заңгерлер мен әлеуметтік қорғау саласындағы мамандар тартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны