26.05.2016, 10:40 5050

Қазақстанда соӊғы 17 жылда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге азайды

1999-2015 жылдары Қазақстанда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге төмендеп, 5%-ды құрады (1999 - 13,5%), жұмыссыз адамдардыӊ саны 1999 жылғы 950 мыӊ адамнан 2015 жылы 451,1 мыӊ адамға азайды

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - 1999-2015 жылдары Қазақстанда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге төмендеп, 5%-ды құрады (1999 - 13,5%), жұмыссыз адамдардыӊ саны 1999 жылғы 950 мыӊ адамнан 2015 жылы 451,1 мыӊ адамға азайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жұмыссыздық деӊгейініӊ көрсеткіші - экономикалық белсенді тұрғындардыӊ жұмыссыздарға шаққандағы қатынасы.

Естеріӊізге сала кетейік, Мемлекет басшысыныӊ 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ДСИДМ тұрақты түрде жұмыс орындарын сақтау мен азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша белсенді шаралар жүргізіп келеді.

2015 жылы "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 156 мыӊ адам жұмысқа орналастырылып, оныӊ ішінде 142,3 мыӊ адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны