08.01.2016, 12:34 4475

Қазақстанда соӊғы 7 жыл ішінде бірде-бір дифтерия жағдайы тіркелген жоқ

Қазақстанда халықты вакциналау шараларымен кеӊ көлемде қамтудыӊ нәтижесінде 2009 жылдан бастап бірде-бір дифтерия жағдайы тіркелген жоқ

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда халықты вакциналау шараларымен кеӊ көлемде қамтудыӊ нәтижесінде 2009 жылдан бастап бірде-бір дифтерия жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Халықты иммундау мақсатында дифтерия, көкжөтел, сіреспеге қарсы иммунитетті жасау үшін кешенді вакцина қолданылады. Вакциналау ҚР Ұлттық екпе күнтізбесіне сай 2 айдан бастап 60 жасқа дейін жасалады.

Дифтерия - ағзаныӊ барлық мүшелері мен жүйесін зақымдайтын, ауыр түрде өтетін жұқпалы ауру. Дифтерия ауруы дене қызуыныӊ жоғарылауы, жалпы әлсіздіктен басталады да, жұтынғанда ауырсыну белгілері байқалады. Көп жағдайда адамдар аурудыӊ алғашқы белгілерін баспа (ангина) деп қабылдап, өздігінен емдеуді бастап кетеді. Бұл дифтерия жағдайында өте қауіпті. Жұқпалы ауру сырқаттанған адам немесе ауруды тасымалдаушы сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде ауаға таралатын бактериялар арқылы жұғады. Дифтерия таяқшалары мұрын, аӊқа, жоғары тыныс жолдарыныӊ шырышты қабатына түскенде жылдам көбейіп, орталық жүйке жүйесін, тамырлар мен жүректі зақымдайтын ерекше дифтериялық улы затты бөледі.

Дифтерия өзге жұқпалы ауруларға қарағанда, көптеген асқынуларға: жүрек бұлшықетініӊ, тыныс алу жолдары мен диафрагма, жұмсақ таӊдай, бет, мойын, дене және қол-аяқ бұшықетініӊ сал ауруларына әкеледі. Мұндай жұқпалы дертте өлім қаупі жоғары, жыл сайын 10-нан 20%-ға дейін ауруға шалдыққан сырқат адамдардыӊ өліміне әкеледі.

Естеріӊізге сала кетейік, жыл сайын Қазақстанда жұқпалы ауруларға қарсы 5 млн-ға жуық адам, оныӊ ішінде 1,3 млн. балалар егіледі. Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясат ескерту шараларына бағытталып, сырттан тасымалдау жағдайында жұқпалы ауруларды оқшаулау мен жоюға негізделеді. Халықты вакциналау 21 жұқпалы ауруларға қарсы Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны