24.06.2008, 15:09 1335

Қазақстанда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары әзірленуде

Қазақстанда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары әзірленуде

Астана. 24 -маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары әзірленуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жаңа стандарттар еңбек рыногында талап етілетін құзыреттерді, модулдік оқытуды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды қамтамасыз етеді.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаменті 2008 жылғы 23-25 маусымда Щучинск қаласында Гуманитарлық колледж және № 4 кәсіптік лицейдің базасында ТАСИС Еуропалық Кеңестің "Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік" жобасын іске асыру шеңберінде халықаралық сарапшыларды тартумен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу жөнінде Республикалық семинар-тренинг өткізеді.

Семинар мақсаты - техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңғырту үшін еңбек рыногының талаптарын және үздік әлемдік тәжірибені ескерумен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзірлеуге авторларды оқыту.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны