02.06.2015, 09:18 5123

Қазақстанда Ұлттық бірыӊғай тестілеу басталды

Қазақстанда ҰБТ басталды, оған 87 782 оқушы өтініш берген, яғни бұл жалпы түлектер саныныӊ 71 %-ын құрайды, ҰБТ 2- 8-ші маусым аралығында өткізіледі

Астана. 02 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда ҰБТ басталды, оған 87 782 оқушы өтініш берген, яғни бұл жалпы түлектер саныныӊ 71 %-ын құрайды, ҰБТ 2- 8-ші маусым аралығында өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олардыӊ ішінде қазақ тілді оқитындар-62 384, орыс тілінде-25 398. Келген өтініштер негізін ала отырып, ҰБТ 165 өткізу орнында 4 ағында жүргізілетін болады. Олардыӊ ішінде 116-сы аудан орталықтарында, 49-ы Астана және Алматы қаладарыныӊ жоғары оқу орындарыныӊ орталықтарында орналасқан. Емтихан тапсыратын дәрісханалар саны -1 079. ҰБТ өтетін орындарда тестілеуді тапсырудыӊ ереже тәртібі барлық түлектер үшін орналастырылған: 1-ші кун-тестілеу, 2-ші күн-аппеляция, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және мемлекеттік комиссиямен ҰБТ болатын жерлерді саралап ( ҰБТ ӨБ) емтиханды тапсыру үшін барлық оӊтайлы жағдайды жасау үстінде. ҰБТ-ны ұйымдастыру Министрліктіӊ апталық апараттық жиналысында қарастырылады.

Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ҰБТ барысында келіп түскен түлектер мен ата-аналардыӊ шағымдарына жедел түрде жауап беру мақсатында ҰБТ өткізу бойынша үйлестіру штабын орнатады. ҚР БҒМ жанында Республикалық штаб өз жұмысын атқаратын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны