07.06.2013, 13:51 3052

Қазақстанда жаңа үйлер мамыр айы ішінде 0,2% қымбаттады

2013 жылдың сәуір айымен салыстырғанда Қазақстанда 2013 жылдың мамыр айында жаңа тұрғын үйдің бағасы 0,2% өсті, деп хабарлады статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктен.

Астана. 7-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда жаңа үйлер мамыр айы ішінде 0,2% қымбаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың сәуір айымен салыстырғанда Қазақстанда 2013 жылдың мамыр айында жаңа тұрғын үйдің бағасы 0,2% өсті, деп хабарлады статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктен.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, қайталама рынокта жайластырылған тұрғын үйдің бағасы мамыр айында 0,9% өскен. Жалға алатын пәтерлердің бағасы өткен айда өзгермеген.

Орташа алғанда республикада мамыр айында жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 177,9 мың теңгені құрады, қайтара сатылатын үйдің бағасы -138,1 мың теңге, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны